Айша бибі ауылы "Айша бибі" мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев мешітке келген жамағатқа "Дін және отбасы құндылықтары" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Уағыз барысында имам ислам дінінде отбасы қоғамның негізгі тірегі екендігін атап өтті. Қасиетті Құранда ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен мейірімділік Алланың белгілерінің бірі екені айтылған. Сондықтан мұсылман қоғамында отбасы татулығы, ата-анаға құрмет және балаларды дұрыс тәрбиелеу – маңызды діни әрі әлеуметтік міндет ретінде қарастырылады.
Дін қызметкерлері сондай-ақ жастарды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, ата-ананың ақыл-кеңесін тыңдауға және қоғамда адамгершілік құндылықтарды сақтауға шақырды. Осындай уағыз-насихат кездесулері қоғамда рухани тәрбие беріп, отбасы бірлігін нығайтуға бағытталған. Қорытындылай келе, дін мен отбасы құндылықтары туралы айтылған уағыздар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, жастардың дұрыс тәрбиеленуіне және отбасы институтының нығаюына үлкен үлес қосады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

