Қасиетті Қадір түніне орай «Жәми» мешітінде жас шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. 40 шақты шәкірттер қатысып, өз білімдерін көрсетіп, қасиетті Құранды мәнерлеп оқуда бақ сынасты.
Қасиетті Қадір түніне орай «Жәми» мешітінде жас шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. 40 шақты шәкірттер қатысып, өз білімдерін көрсетіп, қасиетті Құранды мәнерлеп оқуда бақ сынасты.
Қасиетті Қадір түніне орай Шу ауданындағы барлық мешіттерде рухани шаралар ұйымдастырылып, жамағатқа ерекше жағдай жасалды. «Қадір түнім – қасиетім» тақырыбында ауданға қарасты 13 мешітте Құран хатымы аяқталып, арнайы дұғалар оқылды.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен ауызашар бокстары таратылды. Кәсіпкер ағамыздың демеушілігімен мешіт жамағатынан ауыз бекіткен 60 адамға ауызашар себеттері таратылды.
Тараз қаласының мешіттері мұқтаж жандарға қасиетті Рамазан айында пітір садақаны ақшалай таратты. Жалпы 2 000 000 теңгені құраған қаражат шамамен 200 адамға көмек ретінде берілді.
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, орталық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде қасиетті Қадір түніне орай жамағат арасында викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.