ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Меркі ауданына іссапары барысында «Жүніс молда» мешітіне арнайы барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Меркі ауданына іссапары барысында «Жүніс молда» мешітіне арнайы барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар қажы Зәкіржанұлы Меркі ауданына арнайы іссапармен барды.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді» деген. Сонымен қатар, қоршаған ортаны ластамауға, керісінше оны көркейтуге шақырған.
Сұлутөр ауылы «Хаджи Темаль Медина» мешітінің молдасы Ансар Абилов тасаттық мешітте ауыл тұрғындарын жинап, ықылымнан жеткен үрдіс- тасаттықты орындады. Шараға жүз адам қамтылып, қасиетті Құран оқылып, истисқа намазын орындап, Алла Тағаладан жаңбыр тілеп, дұға жасалды.
Танты ауылы «Танты баба» мешітінің имамы Қанат Қуанышбековтың ұйымдастыруымен жұма намазынан кейін жамағатқа палау таратты. Тантылықтар бұл игі амалды бірнеше рет қайталап үрдіс ретінде жалғастыруда.
Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешіті жамағаты ауыл тұрғындарымен бірге ауыл мектебінің ауласына 20 түп тал екті. Бір тал кессең он тал ек деген атам қазақ әубастан тал егу жұмысы ізгі амалдардан деп білген.