Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен ауызашар бокстары таратылды. Кәсіпкер ағамыздың демеушілігімен мешіт жамағатынан ауыз бекіткен 60 адамға ауызашар себеттері таратылды.
Аудандық мешітте ауызашар беретін асхананың болмауына байланысты ауызашар тастары себеттерге салынып, су мен жеміс-жидек қосып, жамағатқа ауызашар берілді. Қасиетті айда барынша сауап жинауға тырысқан кәсіпкер жамағат алғысына бөленді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



18 Наурыз 2026
29 Рамадан 1447

