Қасиетті Қадір түніне орай «Жәми» мешітінде жас шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. 40 шақты шәкірттер қатысып, өз білімдерін көрсетіп, қасиетті Құранды мәнерлеп оқуда бақ сынасты.
Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріліп, Рамазан айының мерекелік көңілін сезіндіретін тәттілер үлестірілді. Шара балалардың діни білімі мен рухани тәрбиесін арттыруға бағытталған игі бастама ретінде өтті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

