Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, орталық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде қасиетті Қадір түніне орай жамағат арасында викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
Қызықты әрі тартысты өткен шарада қатысушыларға фиқһ, ақида, Құран ілімі, ислам тарихы және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен мазмұнды сұрақтар қойылды. Жамағаттар арасында белсенділік танытқан қатысушыларғ сыйлықтармен марапатталды.
Танымдық ойынды бас имам Есет Тұрдыбайұлы жүргізіп, қатысушыларға бағыт-бағдар беріп отырды. Бұл игі бастама жамағаттың діни білімін арттырып қана қоймай, қасиетті түннің рухани мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

