Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары жалғасын табуда. «Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» атты игі іс-шара өткізіліп, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен 25 отбасына азық-түлік себеттері табысталды.
Қайырымдылық көмегін алған тұрғындар ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын жаудырды. Игі бастама ауыл тұрғындарының жүрегіне жылулық сыйлады.
Имамның айтуынша, алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табады. Атап айтқанда, Рамазан айының соңына қарай «Айттық дастархан» науқанын өткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, аталған қайырымдылық шарасына жалпы 500 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

