Шу ауданындағы «Хати Сауранбай» мешітінің имамы Бақыт Тилемисовтің ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде мекеме қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Шу ауданындағы «Хати Сауранбай» мешітінің имамы Бақыт Тилемисовтің ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде мекеме қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Шу аудандық Ақтөбе ауылы «Жылғабек» мешітінің имамы Абусейт Қоспановтың ұйымдастыруымен ауыл ақсақалдарының қатысуымен мазмұнды басқосу өтті. Кездесуде әкенің қоғам мен отбасындағы қасиетті орны, «ата сөзі – ата мұраты» ұғымының мәні және тәрбиедегі рөлі жан-жақты талқыланды.
Қасиетті сапардан аман-есен оралған жандарды құрметпен қарсы алу – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Осы үрдіс аясында «Жәми» мешітінің әйел-қыздар жамағаты Умраға барып келген қажыларымызды күтіп алып, арнайы дастархан жайды.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Шу аудандық «Жәми» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев ауылдағы сотқа дейінгі татуластыру орталығына арнайы барып, ақсақалдар алқасын Рамазан айымен құттықтады.
Шу ауданындағы орталық «Жәми» мешітінде бас имам Алмас Кенжемолдаев тарауих намазының алдында жамағатқа қасиетті Рамазан айының маңызы туралы тағылымды уағыз жүргізді. Уағыз барысында оразаның рухани-тәрбиелік мәні, сабыр мен шүкіршілікке баулудағы орны кеңінен түсіндірілді.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы аумағындағы «Қордай» мешітінде аудан ұстаздары мен шәкірттерінің қатысуымен «Мәйітті жуу мен кебіндеу» тақырыбында кезекті семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мәйітті шариғат талаптарына сай жуындыру және кебіндеу тәртібі практикалық түрде көрсетіліп, жамағатқа жан-жақты түсіндірілді.