Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық «Құмарық» мешітінің имамы Тоқсанбаев Мараттың ұйымдастыруымен мешіт асханасында қасиетті Қадір түнінде жамағат арасында қол күрестен жарыс өтті. Жарысқа ауыл имамы да қатысып, білек күшін сынады.
Ұлттық ойынымызды дәріптеу мақсатында және қадір түнін тиімді өткізу мақсатында өткізілген жарысқа жамағат белсене ат салысып, орын алған жастарға алғыс хат табысталып, қомақты жүлде сыйға тарту етілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

