#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ОТБАСЫ ЖӘНЕ РАМАЗАН» АТТЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ОТБАСЫ ЖӘНЕ РАМАЗАН» АТТЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылдық мешітінің молдасы Киікбаев Ғалымжан жамағатқа «Отбасы және Рамазан» тақырыбында насихат жасады. Рамазан айында отбасымен бірге оразаны қалай өткізу керек, оразада қандай ізгі амалдар жасауға болады және оразаны тиімді пайдалану жайында кеңінен баяндап, артынан ой талқы жасап, жамағаттың тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап берді.

Рамазан — отбасылық құндылықтарды, ауызбіршілікті және мейірімділікті нығайтатын қасиетті ай. Бұл уақытта жақындармен ауызашар дастарханын жайып, сабырлыққа, рухани тазалыққа және жауапкершілікке басымдық беріледі. Отбасы мүшелері бірге ораза ұстап, құлшылық жасап, рухани тәрбие мектебінен өтеді. 

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: