#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚАДІР ТҮНІ – ҚАСИЕТІМ» АТТЫ РУХАНИ ШАРА ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚАДІР ТҮНІ – ҚАСИЕТІМ» АТТЫ РУХАНИ ШАРА ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде Қадір түні ерекше өтті. Олай дейтініміз, әуелі құптан алдын уағыз айтылып, құптан тарауих намаздары оқылып, құран хатым дұғасы жасалды. Содан кейін, қариға құрмет көрсетіліп, сый-сыяпат жасалды. Мешітке жиналған қалың жамағатқа аудан бас имамы «Қадір түнінің артықшылығы» атты тақырыпта уағыз айтып, артынан жамағатқа арналған діни сұрақ-жауап ойыны өткізілді.

Асыл дініміздің саласы болған ақида, шариғат, сира және қазақы салт-дәстүрден сұрақтар қойылды. Қол көтеріп, дұрыс толық жауап берген жамағатқа жайнамаз, тәсбих, мисуәк, діни кітаптар сыйға тартылды. Тыңдап отырған жамағат көп пайда алып, діни білімдерін еселеп, биылғы Рамазанда жеткен кішігірім жетістіктері болды десек, артық айтпаған болар едік.

Сонымен қатар, Қадір түнінде аудандық мешітте жамағатпен тәсбих намазы оқылып, дұға жасалды.

 

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: