#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЗАШАРҒА ҰЛТТЫҚ ДӘМДЕР ҚОСЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: АУЫЗАШАРҒА ҰЛТТЫҚ ДӘМДЕР ҚОСЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының тапсырмасымен ауылдық мешіттер жанындағы асханалардағы ауызашар дастархандарына ұлттық дәмдер қосылды.

Бұл ертеден келе жатқан, ата-бабаларымыз тұтынған тағамдарды жоғалтудан сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін және қазіргі жастар ұлттық дәмдерімізден хабардар болуы үшін қолға алынды.

Сонымен қатар, ұлттық дәмдеріміздің құнарлы әрі, асқазанға пайдалы, ораза кезінде кешке дейін тоқ жүруге көмектесетін қасиеттері де тілге тиек етіп насихатталды.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: