МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Әлем мұсылмандары сағына күткен қасиетті Рамазан айы да күн санап жақындап келе жатыр. Қуана күткен Құран айына байланысты Қордай жерінде дайындық ерекше. Аудандық «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» газетінің 87-88 нөмірлерінің алғашқы беттерінде Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының халыққа үндеуі мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көрді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Аудандық «Қордай» мешітінде өтіп жатқан жазғы сауат ашу курсының бірінші легіде өз мәресіне жетіп қалды. Аталмыш курста оқыған 80 шәкірттердің ішінен жүзден жүйрігін анықтау үшін емтихан өткізілді. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«Әрбір қиыншылықтың артында бір жақсылық бар» – демекші, сол жақсылық атаулысы Мойынқұм ауданында орнады. Осыған дейін жамағат аймақтағы мешіттің кіші үйінде намаз оқып, жұма намазында Алладан тілеген дұғалары қабыл болды. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

«Һибатулла Тарази» мешіті 1 маусымнан бастап оқушыларға арналған жазғы сауат ашу лагерінің жұмыстарын бастаған болатын. Аталмыш лагерь ұл балалар үшін медреседе және қыз балалар үшін әйелдер намазханасында өтуде.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Гвардейск гарнизонының әскери барлау бөлімінің ұйымдастырумен қорғаныс министрлігінің №21450 әскери бөлімінде «Дін және діни экстремизм» атты кездесу өтті. Әскери барлау бөлімінің арнайы шақыруымен аталмыш жиынға аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын Мойынқұм ауданына қарасты Жамбыл ауылы "Жексенбай ата" мешітінде жазғы сауат ашу лагері жұмыс жасайды. Биыл да демеуші Тимур Аязбаев және ауыл имамы Талғат Таукеевтың ұйымдастырумен маусым айының жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастап кетті.