Әлемнің жүрегі – ана

Әлемнің жүрегі – ана

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана – өмірдің мейірім бастауы. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді дейді халық даналығы. 

Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) Имам Бухари риуаят еткен бір хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.):  "Мен Пайғамбардан (с.ғ.с.): "Иә, Расулуллаһ, жақсылықты алдымен кiмге iстеймiн?” – деп сұрағанымда, Ол (с.ғ.с.): "Анаңа!” – дедi. Одан кейiн ше? - Анаңа! Ал, одан кейiн ше? - Анаңа! Ал, одан кейiн ше? - Әкеңе. Әкеңнен кейiн жақындық дәрежесiне қарай туысқандарыңа» – деген.  

Қылышын сүйретіп қыс кетіп, жадыраған көктем кіріп, осы айдың алғашқы жақсылығы аналарға арналды. «Һибатулла Тарази» мешітінің  ұйымдастыруымен «алтын алқа», «күміс алқа» иегерлеріне және көпбалалы аналарға арнайы науқан өткізілді.

Аталмыш іс-шарада 7 анаға азық-түлік және қаржылай сыйлық үлестірілді. Мешіт дайындаған сыйларды «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев табыстады. Әлемді аялы алақанында әлпештеген аяулы аналар мешітке алғыстарын білдіріп, баршаға қайырлы ұрпақ тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: