Шу жамағаты Абдуғаппар Смановпен жүздесті

Шу жамағаты Абдуғаппар Смановпен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен жұма күні Қазақстанға танымал уағызшы, Сарыағаш медресесінің ұстазы Абдуғаппар Сманов Шу қаласындағы «Жәми» мешітіне арнайы ат басын бұрып, жұма намазында жамағатпен кездесті.

Жұма намазына жиналған жұртшылыққа ұстаз Абдуғаппар Сманов тартымды уағыз айтып, әсіресе, ата-ананы сыйлау бірінші кезекте екендігіне баса назар аударды.  Қазіргі ортамызда өзі намаз оқыған соң өзгені немесе өз әке-шешесін, я болмаса бауырын, «сен кәпірсің» деп кесіп айтып жүрген бауырларымыз бар. Сондай жастарымызға ескерту ретінде адам баласы Алланы бір, Пайғамбарды хақ – деп, иман келтіргеннен кейін ол мұсылман екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ бұрынғы өткен бабаларымыз айтқандай «Бақ қайда барасың» - десе, ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем елге барамын» -деген екен. Сол айтпақшы, ең әуелі өз арамызда ауыз бірілігімізді сақтап, әрбір Қазақстан азаматының міндеті ел арасында ауызбірлікті, татулықты сақтап, адамгершілікті ту ету жолында бар күшімізді салу керектігін қадап айтты.  

Сондай-ақ, аудандық «Төле би» мешітінде шам намазынан соң жамағатпен жүздесіп, жамағат сұрақтарына жауап берді.

Шу ауданының тұрғындары,  мешіт жамағаты, соның ішінде ақсақалды аталар, ақжаулықты апаларымыз айтылған уағыз-насихаттардан үлкен әсер алып, Сарыағаштан келген ұстаз Абдуғаппар Смановқа алғыстарын айтып, шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

Шу ауданы

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: