Қайырымдылық жасау, мейірімділік пен жанашырлық таныту – біздің рухани дүниемізді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге, әлемді жақсы жағына қарай өзгерте алады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқалай жолмен де қайырымдылық жасаудың жолдары көп.
Осыған орай, бүгін Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Зият Исаевтың ұйытқы болуымен Күшаман ауылының тұрғыны Қ.Асанның үйін өрт шалуына байланысты, аудандық мешіттің атынан екі кілем, азық-түлік, 10 000 теңге көмек көрсетілді. Аудан имамы бұл отбасыны сабырға шақырды.
Мойынқұм аудандық мешіті