Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді,» – деген. Рамазан айының келуімен қатар ауызашар беру де көбейе түседі. Адамдардың бір-біріне деген бауырмалдық, жомарттық сезімдері арта түседі. Пайғамбарымыздың хадистеріне үңілер болсақ бір жұтым су, сүт немесе құрмамен де ауызашар беруге болатындығын меңзеген. Яғни Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең аз мөлшерде ауызашар берсе де сауапқа кенелетінін айтқысы келген еді. Рамазанда ауызашар беріп сауапқа кенелумен қатар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін де орындаған болып саналады.
Толығырақ...