Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы әже болары табиғат жолынан белгілі. Сондықтан иманы ибалы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым етіп, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Әйел - шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты.

Ертеңгі ұрпақты тәрбиелейтін – қыз. Сондықтан да қыздың тәрбиесі басты назарда. Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев «Балдариға» қыздар клубымен бірлесе отырып М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттер үйінде аталмыш мақсатта кездесу өткізді. Оған Ішкі істер органы мен студент жастар қатысты. Технологиялық және гидро ғимаратының жатақханасында өткен жиын тартысты да ғибратты болды.

Ел ағасы болған қазақтың қара өлеңінің қариясы Абайды да, Шәкәрімді де, мешіт салдырған Құнанбайды да, ел билеген Абылай ханды да әйел заты тәрбиелеген. Әйел қаншалықты нәзік жаратылыс болса да, осындай ұрпақ тәрбиелей алатын мейірімділік иесі. Мұны жастарға терең түсіндіріп, қоғамда болып жатқан арсыздық пен ұятты істердің қазақы дүние танымға жат екендігін тағыда ойға салған бас қосуда ислам және қыз бала туралы сүбелі сөздер айтылып, қыздардың сауалдарына дәлелді жауаптар берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: