Т.Рысқұлов ауданы мен Меркі ауданының дін өкілдері аудандық «Сұлтан» мешітінде аттестациядан өтті.
Имамдар аттестациясында екі ауданға қарасты аудан, ауылдық округ мешіттерінің 50-ге жуық дін қызметкерлері емтихан тапсырды.
Дін өкілдерінің білім-біліктілігін дін мамандары: ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы қари Данияр Жұмабаев, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек, Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» мешітінің бас имамы және «Һибатулла Тарази» мешітінің іс басқарушысы Халит Қожахметов бағалады.
Имамдар ҚМДБ тарапынан қабылданған 4 құжат, яғни «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» және «Дін мен дәстүр» бағыттары бойынша сынақтан өтті. Нәтижесінде аудан, ауыл имамдары сынаққа тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін дәлелдеп, жоғары баға көрсетті. Әрбір имам жоғарыда аталған бағыттар бойынша барынша сауаттылығын танытып, имамның тұлғалық келбетіне сай қызметтерін атқарып жүргендіктерін, білімдерін шыңдауды тоқтатпағандықтарын және тағы дәлелдеді.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ,
әскери зейнеткер
Т.Рысқұлов ауданы