Біздің болашағымыз – соңымыздан келе жатқан жас ұрпақ. Ал болашақ ұрпақтың иманды да, білімді, нағыз жанашыр азамат болып өсуі үшін бүгін берілетін тәрбие маңызды.
Шу қалалық «Айтқұл баба» мешітінің ұйымдастыруымен балалардың сауатын ашу курстары жұмыс жасап жатыр. Аталмыш мешіттің бас имамы Шаттық Қамаубаев бүгінде 10 шақты шәкірт тәрбиелеуде. Ілім алу курсы шам намазы мен құптан намазының аралығында өтеді. Мұнда Құран, Құран әліппесі, сенім, ғибадат, ахлақ пәндері бойынша дәріс жүргізілуде.
«Бүгінгі жеткіншек діни сауатты болса, ертең елі үшін қызмет етер адал азамат болмақ,» - дейді шәкірт тәрбиелеуші.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.