Ислам – бейбітшілік пен бауырмалдылықтың діні. Алайда қазіргі таңда түрлі түсініктер пайда болып, ел арасына іріткі салуда. Осының алдын алу мақсатында, Шу қалалық «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев «Кешкі мектеп» оқушыларымен кездесу өткізді.
Аталмыш жиында имам асыл дініміздің құндылықтары туралы тілге тиек етіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кешкі мектептің оқушылары ризашылықтарын білдірді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі