Білікті маман – білімді жамағат

Білікті маман – білімді жамағат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еліміздің дін қызметкерлерінің заманға сай жан-жақты білімді болуын көздеген және сол бағытта ауқымды көлемде жұмысын атқарған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2015 жылы бір қатар маңызды құжаттар қабылдағаны бәрімізге мәлім.

Аталмыш құжаттардың бүгінгі таңда еліміздің барлық мешіттерінде дін қызметкерлері қаншалықты меңгеріп жұмыс барысында қаншалықты қолданып жүзеге асырып жүргендігін анықтау мақсатында Шу аудандық Төле би мешітінде де имам-молдаларының кезекті аттестациясы өткізілді.

Аттестацияны өткізуге  ауданымызға арнайы түрде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Әлимұхамедұлы Жұмабаев, облыстық мешіт найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы Жапек және облыстық мешіт іс басқарушысы Халид Сейіткерімұлы Қожахметов келді.

Имам-молдалардың білімдерін анықтау сараптамасы  билет бойынша жүргізіліп, ауданымыздың найб имам, азаншы және ауыл молдалары сұрақтарға сараптама комиссиясы алдында әрқайсысы алған біліміне сай жауаптарын берді.

Қорытындылай келе, имам-молдалар өз білімдерін заманға сай жан –жақты арттыру керектігін «Жігітке жеті өнер аз» дегендей, тек діни біліммен шектелмей, заманауи тех­нологияны меңгеріп, жан-жақты білімді болуын және бұл заман талабы екендігін тағы да ұғынғанын айтамыз.

Алла Тағала алған білімдерімізге амал етуімізді және халыққа пайдалы болуымызды нәсіп етсін, Амин.

Аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: