Оқушылармен өткен кезекті кездесу

Оқушылармен өткен кезекті кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Дәуренбек Жандосұлы оқушылармен кезекті жүздесуін өткізді. Бұл жолы ол білім саласында жылда жетістіктерге ие болып жүрген №4 Б.Бөлтіріков атындағы орта мектепке ат басын тіреді.

Өз саласының маманы білім ордасындағы 9-10-шы сынып оқушыларына жалпы дін туралы мол мағлұмат берді. Кездесуде имандылық, ар-ұят, тәртіп пен тазалық жайында мазмұнды насихат айтылды.

Өскелең жас ұрпақтың жат ағымдардан аулақ болулары жөнінде өзінің нақты дәлелді  сүбелі сөз сөйледі. Оқушыларға арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетіліп, Д.Жандосұлы оларға кең түсініктеме жасады. Оқушылардың  қойған сауалдарына тыңғылықты жауаптар қайтарылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: