«Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Әл-Баақи» мешітінің ұйымдастыруымен 13 отбасыға қайырымдылық жасалды.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Әл-Баақи» мешітінің ұйымдастыруымен 13 отбасыға қайырымдылық жасалды.
Мешіт асханасында өткен асқа жиналған жамағатқа мешіт имамы Алтынбеков Абдулла «Тазалық – иманның жартысы» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Уағыз барысында ислам дініндегі тазалықтың маңызы, оның адамның рухани және тән саулығындағы орны кеңінен түсіндірілді.
Мешіт аумағын көркейту және көгалдандыру мақсатында игі шара ұйымдастырылып, Болат және Жанұзақ ағалардың қолдауымен «Намазхана» мешітінің ауласына 40 түп жеміс ағашы отырғызылды.
Меркі ауданындағы «Әл-Баақи» мешітінде жамағатқа арналған кезекті «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды. Шара барысында мешіттің бас имамы Абдрахманов Азамат қоғамда өзекті болып отырған «Зекет қаржысына мұқтаж жанға үй алып берудің шариғи үкімі» тақырыбында кеңінен мағлұмат берді.
Жаңбыр тілеу (истисқа) – мұсылмандардың Алла Тағалаға деген мұқтаждығы мен тәуелділігін білдіретін ерекше құлшылық. Мұндай сәтте имам жамағатпен бірге елді мекен сыртына шығып, қарапайымдықпен, кішіпейілділікпен Алладан жаңбыр тілейді. Жамағат екі рәкәғат истисқа намазын оқиды.
«Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы – қоғамның негізгі тірегі саналатын отбасының маңызын айқындайтын маңызды құжат. Бұл тұғырнама ерлі-зайыптыларға үлкен жауапкершілік жүктеп, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуды көздейді.