Мешіт аумағын көркейту және көгалдандыру мақсатында игі шара ұйымдастырылып, Болат және Жанұзақ ағалардың қолдауымен «Намазхана» мешітінің ауласына 40 түп жеміс ағашы отырғызылды.
Бұл сауапты іс – мешіт маңын абаттандырып қана қоймай, табиғатты аялауға және сауапты амал жасауға бағытталған игі бастама болды. Ағаш отырғызу – сауапты іс екені исламда кеңінен насихатталған. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетін ағаш егуге қызықтырғаны соншалық, «Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi (тал шыбығы) болса, Қиямет басталып кетсе де оны (үлгеретiн шама болса) дереу отырғызсын», – деген.
Осы игі іске ұйытқы болған Болат және Жанұзақ ағаларға Алла разы болсын. Отырғызылған жеміс ағаштары өсіп-өніп, көпшілікке пайдасын тигізсін деп тілейміз.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

