Меркі: Қайырымдылық керуені: мұқтаж 13 отбасыға көмек берілді

Меркі: Қайырымдылық керуені: мұқтаж 13 отбасыға көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Әл-Баақи» мешітінің ұйымдастыруымен 13 отбасыға қайырымдылық жасалды.

Қайырымдылық – адамзат бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Ислам діні мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетуді сауапты амалдардың қатарына жатқызады. Осы орайда мешіт имамы Абдрахманов Азаматтың ұйытқы болуымен және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж  отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Игі шараның басты мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау білдіру, қоғамда жанашырлық пен мейірімділікті арттыру. Қайырымдылық барысында күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері таратылып, отбасыларға қуаныш сыйланды.

Осындай сауапты іске атсалысқан жомарт жандарға Алла Тағала мол сауаптан жазсын. Себебі Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдасы тигені» – деген.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: