Мешіт асханасында өткен асқа жиналған жамағатқа мешіт имамы Алтынбеков Абдулла «Тазалық – иманның жартысы» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Уағыз барысында ислам дініндегі тазалықтың маңызы, оның адамның рухани және тән саулығындағы орны кеңінен түсіндірілді.
Имам өз насихатында тазалықтың мұсылман өміріндегі ерекше мәнге ие екенін айтып, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисін негізге ала отырып, әрбір мұсылманның тән тазалығына да, жүрек тазалығына да мән беруі қажет екенін жеткізді.
Сонымен қатар, тазалықтың тек сыртқы көрініс емес, адамның ішкі жан дүниесінің де көрінісі екені айтылып, жамағатты көркем мінезге, адалдыққа және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

