Қордай: Пәтуа сағатында «Отбасы құндылығы» тұғырнамасы түсіндірілді

Қордай: Пәтуа сағатында «Отбасы құндылығы» тұғырнамасы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы – қоғамның негізгі тірегі саналатын отбасының маңызын айқындайтын маңызды құжат. Бұл тұғырнама ерлі-зайыптыларға үлкен жауапкершілік жүктеп, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуды көздейді.

Ерлі-зайыптылардың міндеттері – бір-біріне құрмет көрсету, сенім мен адалдықты сақтау, жауапкершілікті сезіну және қиындықта қолдау білдіру. Қазақ халқының дәстүрінде бұл құндылықтар отбасының беріктігі мен берекесінің негізі болып саналады. Әрбір отбасы мүшесі өз міндетін адал атқарғанда ғана шаңырақта татулық пен бақыт орнығады. Осыған орай Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат имамдармен өткен жиында аталған тұғырнаманы кеңінен түсіндірді.

Кездесу барысында халыққа дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың сұрақтарына нақты әрі түсінікті жауап қайтару мәселелері қозғалды. Алла Тағала әрбір отбасына береке, бірлік пен татулық нәсіп етіп, шаңырақтарымызды бақытқа толтырсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: