МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылында дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттауға бағытталған түсіндіру жұмысы жүргізілді. Байтоқты баба мешітінің имамы Бақдәулет Оспанов ұлттық құндылықтар мен асыл дініміздің маңыздылығына тоқталып, жастарға тағылымды насихат айтты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Талас ауданы. Аққұм ауылындағы Тұңғатар ата мешітінде жамағатқа ізгілік пен имандылықты дәріптеген уағыз айтылды. Дәурен имам қазақ халқының салт-дәстүрлері мен асыл дініміздің өзара үндестігіне тоқталып, ұлттық құндылықтарды сақтаудың, әрі келер ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын жеткізді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

 "Әбдібай ата" мешітінде жамағатқа Сүлейменшілер діни тобы туралы кең көлемді түсіндіру насихаты айтылды. Насихатты мешіт имамы Абай Омаров жүргізді. Кездесу барысында өткен ғасырдың бірінші жартысында Түркияда пайда болған, жетекшісі Сүлеймен Хилми Тунахан болған Сүлейменшілер тобының тарихы мен діни ұстанымдары туралы мәліметтер берілді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Рухани келісім күніне орай Жамбыл облысында имамдар арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті. Аталған жарысқа Талас ауданының имамдары да қатысып, өзара ұйымшылдық пен жоғары спорттық дайындықтың үлгісін көрсетті.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қаратау қаласы,Т Маржангүл ана мешітінде жамағатқа «Бабалар сөзі» кітабынан тағылымды насихат айтылды. Кездесуді Үкібаев Ғазиз имам жүргізіп, қазақтың көрнекті ғалымдарының ой-тұжырымдары мен өнегелі сөздерін ортаға салды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының қатысуымен «Дін мен дәстүр: бүгініміз бен өткеніміз» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.