Талас ауданы, Сәду Шәкіров ауылында дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттауға бағытталған түсіндіру жұмысы жүргізілді. Байтоқты баба мешітінің имамы Бақдәулет Оспанов ұлттық құндылықтар мен асыл дініміздің маңыздылығына тоқталып, жастарға тағылымды насихат айтты. Кездесу барысында ұлттық тәрбиенің ұрпақ қалыптастырудағы рөлі, ата-баба дәстүрін құрметтеу және діни сауаттылықты арттыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру үшін оларға дұрыс діни білім беріп, ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптеудің маңыздылығы атап өтілді. Дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтыратын рухани құндылықтар. Жастардың бойына осы асыл мұраларды сіңіру – олардың жат діни ағымдардың жетегінде кетпеуінің маңызды жолдарының бірі.
"Байтоқты баба" мешіті баспасөз қызметі.


21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

