Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының қатысуымен «Дін мен дәстүр: бүгініміз бен өткеніміз» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Тағылымды басқосуда Асанов Хеурза имам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен асыл дініміздің өзара сабақтастығы туралы кеңінен әңгімеледі.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтау, ата-баба аманатына адал болу және рухани мұраны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Кездесуде айтылған ғибратты ойлар мен тағылымды әңгімелерді ауыл тұрғындары ықыласпен тыңдап, өз ризашылықтарын білдірді. Дін мен дәстүр – ұлт руханиятының қос тірегі болып табылады. Осындай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қоғамдағы рухани бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
"Әбілхан қажы" мешіті баспасөз қызметі.


21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

