Талас: Аққұм ауылында дін мен дәстүр сабақтастығы насихатталды

Талас: Аққұм ауылында дін мен дәстүр сабақтастығы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы. Аққұм ауылындағы Тұңғатар ата мешітінде жамағатқа ізгілік пен имандылықты дәріптеген уағыз айтылды. Дәурен имам қазақ халқының салт-дәстүрлері мен асыл дініміздің өзара үндестігіне тоқталып, ұлттық құндылықтарды сақтаудың, әрі келер ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығын жеткізді.

Сондай-ақ үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы сыйлау, бірлік пен татулықты сақтау секілді ізгі қасиеттердің дінімізде де, дәстүрімізде де айрықша орын алатынын атап өтті. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, асыл дініміздің өнегесін ұрпақ санасына сіңіру – рухани тәрбиенің маңызды бөлігі екендігін тілге тиек етті.

"Тұңғатар ата" мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: