Қаратау қаласы,Т Маржангүл ана мешітінде жамағатқа «Бабалар сөзі» кітабынан тағылымды насихат айтылды. Кездесуді Үкібаев Ғазиз имам жүргізіп, қазақтың көрнекті ғалымдарының ой-тұжырымдары мен өнегелі сөздерін ортаға салды.
Насихат барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен асыл дініміздің өзара сабақтастығына назар аударылды. Кітаптағы ғибратты ойлар арқылы ұлттық құндылықтарымыздың рухани өміріміздегі орны мен маңызы түсіндірілді. Дін мен дәстүр – халқымыздың рухани қазынасы. «Бабалар сөзі» кітабы – осы сабақтастықты танытып, кейінгі ұрпаққа өнеге беретін құнды мұралардың бірегейі.
Маржангүл ана мешіті баспасөз қызметі.


21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

