Рухани келісім күніне орай Жамбыл облысында имамдар арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті. Аталған жарысқа Талас ауданының имамдары да қатысып, өзара ұйымшылдық пен жоғары спорттық дайындықтың үлгісін көрсетті.
Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен жасақталған команда тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі II орынды иеленді.
Спорттық шараның мақсаты – имамдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани келісім мен бірлікті дәріптеу. Талас ауданының имамдарын лайықты жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!
Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.



21 Қазан 2026
9 Джумада-авваль 1448

