Талас: Сүлейменшілер жамағаты туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді

Талас: Сүлейменшілер жамағаты туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 "Әбдібай ата" мешітінде жамағатқа Сүлейменшілер діни тобы туралы кең көлемді түсіндіру насихаты айтылды. Насихатты мешіт имамы Абай Омаров жүргізді. Кездесу барысында өткен ғасырдың бірінші жартысында Түркияда пайда болған, жетекшісі Сүлеймен Хилми Тунахан болған Сүлейменшілер тобының тарихы мен діни ұстанымдары туралы мәліметтер берілді.

Сондай-ақ аталған топтың Қазақстанға 1990 жылдардың басында келуіне қатысты ақпараттар сөз болды. Насихаттың негізгі мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, түрлі діни топтар туралы дұрыс әрі сенімді ақпарат беру және діни мәселелерде байыппен әрекет етуге шақыру. Сонымен қатар діни білімді білікті мамандардан алып, кез келген ақпаратты саралай білудің маңыздылығы атап өтілді.

Әбдібай ата мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: