Байзақ аудандық орталық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында Қадір түнінің құрметіне «Құран мәңгі мұғжиза» атты аудандық Құран жарысы өтті.
Байзақ аудандық орталық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында Қадір түнінің құрметіне «Құран мәңгі мұғжиза» атты аудандық Құран жарысы өтті.
Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кімде-кім Қадір түнінің қасиетіне сеніп, сауабын үміт етіп, оны құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», – делінген.
Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Рамазан айында мың айдан да қайырлы бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалса, шын мәнінде көп нәрседен мақұрым қалғаны», – деген.
Айша бинт Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) анамыздан жеткен хадисте: «Уа, Алланың елшісі! Егер Қадір түні екенін білсем, Аллаға не айтқаным дұрыс?» – деп сұрадым. Сонда Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Уа, Алла! Сен Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені кешір!» – деп айт», – деген.
«Қадір» – араб тілінен аударғанда «қадірлі», «қасиетті», «өлшеммен бекітілген» деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғи тұрғыда бұл түн – бір жылда болатын істердің тағдыры белгіленіп, Алла Тағаланың үкімі жазылатын ерекше қасиетті мезет ретінде түсіндіріледі.
Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазанның соңғы он түні мұсылман қауымы үшін ерекше маңызды. Себебі дәл осы түнде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады.