#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҚАРТТАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҚАРТТАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылы «Жусанбай» мешітінің молдасы Кенжебай Балтабайұлы ауылдағы мұқтаж қарт кісілерге көмек ретінде қайырымдылық жасады. Ауыл имамы ұйымдастырған қайырлы іске жомарт жастар демеушілік қылды.

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, деген халық даналығын ескеріп, елімізде мешіттер тарапынан бүгінде бірқатар игі істер атқаруда. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 272-аятында: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.

Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» – дейді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: