Қордай: Діни ақпараттық-түсіндіру тобы мешіттерді зерделеді

Қордай: Діни ақпараттық-түсіндіру тобы мешіттерді зерделеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты Аухатты, Сортөбе, Масаншы және Қарасу ауылдарында арнайы Жамбыл облысынан келген діни ақпараттық-түсіндіру тобы мешіттердің жұмысымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында мешіттердің діни қызметі, жамағатпен жүргізіліп жатқан жұмыстар, діни тұрақтылықты сақтау, жастар тәрбиесі және ақпараттық-түсіндіру бағытындағы іс-шаралар қарастырылды.

Сонымен қатар, имамдармен пікір алмасып, діни саладағы өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Іс-шараға Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержан, Жуалы ауданының бас имамы Таласбаев Есет, Байзақ ауданының бас имамы Жұмағұл Қанат, Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Түзелбеков Қуаныш, Жамбыл ауданының бас имамы Құттыбаев Даурен, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Сейтқали Абдіқадыр, «Һибатулла Тарази» медресесінің аға ұстаздары Боханов Ерболат, Карымсаков Данияр, Тастанбеков Дархан, «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінің имамы Ембергенов Амангелді және «Айсұлу ана» мешітінің имамы Сейдикаримов Сәкен қатысты.

Кездесу барысында мешіт қызметін жетілдіру, жамағатпен байланысты нығайту және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: