Қордай ауданына қарасты Масаншы, Сортөбе, Қарасу және Аухатты ауылдарындағы мешіттерде шам намазы барысында арнайы Жамбыл облысынан келген діни ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен уағыз-насихат және зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Түзелбеков Қуаныш Масаншы ауылының «Омар» мешітінде шам намазында жамағатқа уағыз айтып, діни тұрақтылық пен бірлік тақырыбында насихат жүргізді. Сонымен қатар, мешіт жамағатымен кездесіп, зерделеу жұмыстарын өткізді. Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержан Масаншы ауылындағы «Имам Ағзам» мешітінде шам намазы алдында жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтып, Отанды сүю, дәстүрлі ислам құндылықтары және қоғамдағы татулық жайында кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Жуалы ауданының бас имамы Таласбаев Есет Масаншы ауылындағы «Билал» мешітінде шам намазында уағыз айтып, жамағатпен кездесу өткізді.
Насихат барысында діни сауаттылықты арттыру, жастар тәрбиесі және жат ағымдардың алдын алу мәселелері қозғалды. Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Мамыр 2026
11 Зуль-хиджа 1447

