Қадір түні – оның нақты қай түн екенінің жасырын болуының өзі де үлкен даналыққа толы. Бұл қасиетті түннің бар екені хақ, алайда ол Рамазан айының соңғы тақ түндерінің бірінде жасырылған.
Қадір түні – оның нақты қай түн екенінің жасырын болуының өзі де үлкен даналыққа толы. Бұл қасиетті түннің бар екені хақ, алайда ол Рамазан айының соңғы тақ түндерінің бірінде жасырылған.
Алла Тағала Қадір сүресі 1-аятында: «Расында, Біз оны (Құран Кәрімді) Қадір түні түсірдік», – деп баяндайды. Бұл аят Қадір түнінің ұлылығы мен қасиетін айқындайды. Өйткені дәл осы түні адамзатқа тура жол көрсететін қасиетті кітап – Құран Кәрім түсірілген.
«Қолы ашықтың жолы ашық» демекші, жомарт адамның мал-дүниесіне, кәсібіне береке дариды. Өйткені жомарттық – Алла Тағаланың берген нығметтеріне деген шүкірліктің ең көркем көрінісі.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауабын бір Алладан ғана күтіп ораза ұстаса, оның бұрын жасаған күнәлары кешіріледі». Бұл – Алла Тағаланың мұсылман үмметіне берген ұлы нығметтерінің бірі.
Қасиетті Құранда «садақа беру» ұғымы «Алла Тағалаға қарыз беру» мағынасында да қолданылған. Өйткені Алла Тағала садақа берушінің сауабын қиямет күні еселеп қайтарып, сол арқылы күнәларын кешіреді.
Қасиетті Рамазан айының рухани атмосферасын насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында «Ар-Раззақ» мешітінде ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға мешіт жамағаты мен ауыл жастары белсене қатысып, өзара бақ сынасты.