Қордай ауданы, Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінің имамы Саламат Сәлімұлының қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алуға арналған тағылымды шара өтті.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары майдангер аталардың ерлігі мен ел үшін жасаған ерен еңбектерін еске алып, олардың өнегелі өмір жолы жайында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, бейбіт өмір мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында насихат айтылды. Шара аясында ардагерлер рухына арнап Құран бағышталып, арнайы дұға жасалды.
Имам Саламат Сәлімұлы адам баласының ел тыныштығы мен бірлігі жолындағы еңбегін қадірлеу – кейінгі ұрпақтың парызы екенін атап өтті. Кездесу соңында жиналған көпшілік ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп, марқұм болған ардагерлердің рухына Алладан рақым сұрады.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


28 Мамыр 2026
11 Зуль-хиджа 1447

