Бүгін ҚМДБ Әйел-қыздар секторы, Жастар ісі секторы мен әжелер алқасының Төрайымы Жәмилә Джумабаева қарымды қалам, отты өлеңдерімен талайлардың жүрегін жаулаған нәзік ақын, журналист Күләш Ахметованың шаңырағына арнайы барып қайты.
Бүгін ҚМДБ Әйел-қыздар секторы, Жастар ісі секторы мен әжелер алқасының Төрайымы Жәмилә Джумабаева қарымды қалам, отты өлеңдерімен талайлардың жүрегін жаулаған нәзік ақын, журналист Күләш Ахметованың шаңырағына арнайы барып қайты.
Шуақты көктемнің алғашқы бүршігі болған мереке Алғыс айту күнінде "Ар-Рахман ар-Рахим" мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы жасалды.
Бүгін – 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні. Елбасы Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек.
Бізді жоқтан бар етіп жаратқан, оның ішінде адам, қала берді асыл дінімізді ұстанатын мұсылман етіп жаратқан Жаппар Иеміз Алла тағалаға сансыз мадақтар болсын! Әрбір ісіміздің өзі мүбәрак амалдарымен шапағат болатынын баяндап өткен Алла елшісі Мұхаммедке салауаттар болсын!
Қазақта "Қарғыс алма, алғыс ал деген" сөз бар. Біреудің алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді. Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға да шүкіршілік ете алмайды. Тіпті Алла тағаланың кәләмы Құранның өзі "Әльхамду лилләһи роббил ъәләмин" деп Аллаға шүкір етіп, алғыс айтудан басталады.
Мейірімділікке мұқтаж қоғамға бір жылулық сыйлаудың өзі талай жүректердің жадырап, жайқалуына септігін тигізеді.