#ТАРАЗ: АЛҒЫС АЙТУ – ИГІ ІС

#ТАРАЗ: АЛҒЫС АЙТУ – ИГІ ІС

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін – 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні. Елбасы Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

Осыған орай бүгін Тараз қаласы, «Кеңесхан қажы» қалалық орталық мешітінің дін қызметкерлері атынан жүрек жарды алғыстарын білдірді. Мешіт ұжымы елдің тыныштығын күзетіп жүрген «Ішкі істер басқармасының» ұжымдарын, халықтың денсаулығына қызмет көрсетіп жүрген дәрігерлерге және «Қазақстан Темір Жолы», Өрт сөндірушілерді, "Жасыл ел  - Тараз" ұжымдарына шексіз алғысын айтты.

Халық үшін қызмет ететін маман иелеріне сый-сыйяпатын жасай отырып, дін мамандары көктемнің алғашқы мерекесінде көпшіліктің көңіліне қуаныш ұялатты.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: