"Һибатулла Тарази" медресесінде Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өтті

"Һибатулла Тарази" медресесінде Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақта "Қарғыс алма, алғыс ал деген" сөз бар. Біреудің алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді. Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға да шүкіршілік ете алмайды. Тіпті Алла тағаланың кәләмы Құранның өзі "Әльхамду лилләһи роббил ъәләмин" деп Аллаға шүкір етіп, алғыс айтудан басталады. 

Осы игі амалды ұмытпай, тіршіліктің мұзын ерітіп, жылуымен еніп келген көктемнің алғашқы мерекесі "Алғыс айту" күніне орай "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде дөңгелек үстел отырысы өтті. 

Шараға қатысқан оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл сөз бастап, діндегі шүкірлік, рақмет айтудың маңызын тілге тиек етті. Сонымен қатар ұстаздарға, шәкірттерге өз алғысын білдірді. Жиында ұстаздар Нұрлан Мұрат, Жарбол Ақжігіт, Нұрсұлтан Маметбай сөз сөйлеп, көпшілік бір-біріне шын жүректен алғыстарын жеткізді. Шәкірттер құрмет көрсетіп, орындарынан тұрып, ең маңызды ілім - дін білімін үйретіп жатқан ұстаздарына алғыстарын айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: