Мейірімділікке мұқтаж қоғамға бір жылулық сыйлаудың өзі талай жүректердің жадырап, жайқалуына септігін тигізеді. Расында, адамның ең жақсысы ‒ басқаларға пайдалы болғаны, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі ‒ адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау. «Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» деп «әр-Рахман» сүресінде баяндалғандай, шынында да жақсылықтың қайтарымы ‒ тек жақсылық қана.
Осындай игі іске мұрындық болып ҚМДБ Жастар ісі секторы мен Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Кең болсаң, кем болмайсың" қайырымдылық жәрмеңкесі жасалды.
Қасиетті жұма күні мешіт алдында түрлі тәттілер ұсынылып, одан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

