1 наурыз - Алғыс айту күні құтты болсын!

1 наурыз - Алғыс айту күні құтты болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бізді жоқтан бар етіп жаратқан Жаппар Иеміз Алла тағалаға сансыз мадақтар болсын! Әрбір ісіміздің өзі мүбәрак амалдарымен шапағат болатынын баяндап өткен Алла елшісі Мұхаммедке салауаттар болсын!

Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі "Алғыс айту" күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын): «Кімде-кім азға шүкір етпесе, көпке де шүкірсіз болады. Ал, кім адамдардың (жақсылықтарына) алғыс айтпаса, Аллаға да шүкірсіз болғаны. Алланың нығметтерін айтып жүру шүкірліктің (белгісі), оны жасыру – күпірлік. Ауызбіршілікте болу – мейірім, ал бөліну – азап» дейді.

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Осы мерекенің қарсаңында әр отбасыға бақ-береке, бақыт пен молшылық тілеймін. Аллаға бүгінгі күніміз үшін сансыз шүкірлер айта отырып, ана-аналарымызға, ағайын-бауырға, ел қамын ойлаған ағаларға, барша елім деп еміренген жамағатқа алғыс айтамын! 

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: