Алғыс айту күнінде Күләш Ахметовамен жүздесу жасалды

Алғыс айту күнінде Күләш Ахметовамен жүздесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ Әйел-қыздар секторы, Жастар ісі секторы өкілдері және әжелер алқасының Төрайымы Жәмилә Джумабаева, "Бегалы ата" мешітінін имамы Бекболат Мыңбаев қарымды қалам, отты өлеңдерімен талайларындың жүрегін жаулаған нәзік ақын, журналист Күләш Ахметованың шаңырағына арнайы барып қайты. 

Поэзиясымен оқырманның көңіліне көктем орнатқан ақынға осы гүл көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күнінің қарсаңында сыйлық алып, алғыс айта барған жастарға қалам иесі де өз разышылығын білдіріп: "Маған көптеген зиялы қауым өкілдері, неше түрлі кісілер кездесуге келді, алайда осындай жүрегінде Алласы бар жамағаттың жиналып келуі бірінші рет" - деді.

Жастар ісі секторының жетекшісі Нұрсұлтан Маметбай дастархан басында Құран оқып Алланың кәләмімен жүректерді тербетсе, ақынның жолдасы, ақын, жазушы Қайырбек Асанов айтулы мерекеге арнап шығарған "Мың алғыс" атты өлең шумақтарын оқыды.

Қос әдеби тұлғаның жеке кабинетін, кітапханасын аралаған көпшілік жаңа басылым көрген шығармаларымен танысты. Күләш Ахметова Әжелер алқасының төрайымы Жәмилә апаға бір-екі кітабын сыйға тартты. 

 Әдемі отырыс, әсерлі жүздесу соңында қара өлеңнің қос қанаты жастарға рақметін айтып, баталарын берді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: