#Тараз: Алғыс айту күні қарсаңында қайырымдылық жасалды

#Тараз: Алғыс айту күні қарсаңында қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шуақты көктемнің алғашқы бүршігі болған мереке Алғыс айту күнінде "Ар-Рахман ар-Рахим" мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы жасалды. 

Қыс қылышын сүйреп кете сала, алғысын екі қолына алып, күндей жадырып даламызға ене кеткен наурыздың бірінші күнін игі амалмен бастаған мешіт ұжымы 7 отбасыға азық-түліктей және 1 отбасыға қаржылай көмек көрсетті.

Жанұяларға мешіт имамы Қанат Жұмағұл бастап арнайып барып, мерекемен құттықтап, азық толы пакеттерін табыстап қайтты. Көмек алғандар да өз рақметін жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: