Қордай ауданының жамағаты ауызбіршіліктің тамаша үлгісін көрсетіп, Қарасай ауылында қазақ және дүнген имамдардың ұйытқы болуымен "Бауырмалдық бақшасы" ашылды.
Қордай ауданының жамағаты ауызбіршіліктің тамаша үлгісін көрсетіп, Қарасай ауылында қазақ және дүнген имамдардың ұйытқы болуымен "Бауырмалдық бақшасы" ашылды.
Бүгін Байзақ ауданына іс-сапармен Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев келді.
Бүгін ауданымызда «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында құрылған облыстық жұмысшы топтардың мүшелерімен аудандық актив жиыны өтті. Әкімдіктің мәжіліс залында жасалған бас қосуға төрағалық еткен аудан әкімі Нұржан Нұржігітов жиынды ашып, аудандағы үш күндік іс -сапардың тиісті деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді.
ҚМДБ әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Болатбекқызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында спорттық ойын өтті. Спорттық додаға Тараз қаласы «Әзіреті Әли» мешітінің ұстазы Талғат Сабина мен оның шәкірттері шақырылды. Мешіт ұстазы қазіргі жастарға біліммен қатар сапалы және салауатты өмір салтын сақтау керектігін насихаттады.
Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде шәкірттерге уағыз айтылды.