Әйелдер жамағаты уағыз тыңдады

Әйелдер жамағаты уағыз тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде шәкірттерге уағыз айтылды.

"Асыл аналар" тақырыбында көркем де тағлымды насихатты сектор өкілі Гүлжан Алдасаева жүргізді.

Тарихтағы асыл аналар, күйеудің разылығын алу, жаннатқа апаратын жол, Хадиша анамыз, пайғамбарымызға көрсеткен қолдауы, үгілі аналар жайлы сүбелі сөздер, ғибратты оқиғалар тілге тиек болды. 

"Жұмақ ананың аяғының астында " - деген тəмсіл бар . Сол сияқты " анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да аздық етеді " - деген сөздің мағынасын ашсақ өзінің парызын мінсіз өтеп , сіздің алдыңыздағы борышын қалтқысыз өткерген жанға жамандық жасау тек ақымақтық. Ондай кезде осындай жағдайдың ананың арқасына аяздай бататыны анық. Сол аналарды құрметтеу, ана бола білу, салихалы әйел болу құпиялары сөз болған жиында қыздар өз сауалдарына дәйекті жауаптар тапты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: